Бұл бөлімде Kaspersky Security Center мақсаты, өзекті мүмкіндіктері мен құрамдастары, сондай-ақ Kaspersky Security Center сатып алу тәсілдері туралы ақпарат беріледі.
Онлайн анықтамада берілген ақпарат қолданбамен бірге жеткізілген құжаттарда берілген ақпараттан өзгеше болуы мүмкін; бұл жағдайда Онлайн анықтама ең дұрыс болып саналады. Онлайн-анықтамаға бағдарлама интерфейсіне кіріктірілген сілтемелер немесе құжаттамадағы сілтеме арқылы өтуге болады. Онлайн-анықтама хабарландырусыз жаңартылуы мүмкін. Қажет болса, онлайн-анықтама мен офлайн-анықтама арасында ауысуыңызға болады.
Kaspersky Security Center бағдарламасы ұйымның желісін қорғау жүйесін басқару және қызмет көрсету жөніндегі негізгі тапсырмаларды орталықтандырылған шешуге арналған. Бағдарлама, әкімшіге ұйым желісінің қауіпсіздік деңгейі туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қатынасуға мүмкіндік береді және Kaspersky бағдарламалары негізінде құрылған қорғаныстың барлық құрамдастарын конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Kaspersky Security Center бағдарламасы ұйымдардың желі әкімшілеріне және ұйымдардағы құрылғыларды қорғауға жауапты қызметкерлерге арналған.
Kaspersky Security Center көмегімен сіз:
Мұндағы Ұйым-клиенттер дегеніміз – провайдер антивирустық қорғанысты қамтамасыз ететін ұйымдар.
Kaspersky Security Center бағдарламасын Kaspersky арқылы (мысалы, https://www.kaspersky.ru сайтында) немесе серіктес компаниялар арқылы сатып алуға болады.
Kaspersky Security Center бағдарламасын Kaspersky арқылы сатып алсаңыз, бағдарламаны біздің сайттан жүктеп алуға болады. Бағдарламаны іске қосу үшін қажетті ақпарат төлем жасалғаннан кейін сізге электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Жаңарту функционалдығы (антивирустық қолтаңба жаңартуларын және код дерекқоры жаңартуларын қоса) және KSN функционалдығы АҚШ аймағындағы бағдарламада қолжетімді болмауы мүмкін.